Жаңалықтар

Алтынай Жорабаева сәби күтіп жүргенін айтты

Алтынай Жорабаева сәби күтіп жүргенін айтты
20.09.2023 23:20 1862

Танымал отандық әнші Алтынай Жорабаева ана атанбақ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алланың қалауымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуіміздің дұғамызбен, Алишер екеуімізге Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен, Алишердің қуанғаннан төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды.
Негізі 3 жылдай қатты үміттенгенбіз... Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі жас та келіп қалды дегендей.

Мені қоя берші, Алишерді қатты уайымдадым, Алла бір бала берсе екен деп.

Сонда Алишер: Жаным-ау, уайымдама, бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, «неге балаң болмады» деп сұралмаймын. Мен қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын. Сондықтан Алла бізден жақсы біледі ненің бізге қайырлы екенін» деген соң, кішкене уайымым басылды. Шынында да алланың өз есебі бар екен ғой.

Жорабаева өзі ұл болғанын қалайтынын, ал жары баланың аман-есен келуін ғана тілеп жүргенін айтты.

Аллама сансыз шүкірлер! Бәрібір пендешілікпен ұл болса деп қоямын, Алишер: «ұл бола ма, қыз бола ма, маған бәрібір. Ең бастысы, сендей жаннан перзент сүйсем, бақыттымын» деді, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға