Жаңалықтар

«Алтын сапа» конкурсының және «Парыз» сыйлығының иегерлері анықталды

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлім етті
«Алтын сапа» конкурсының және «Парыз» сыйлығының иегерлері анықталды
Фото: Ақорда 07.12.2022 18:29 962

Мемлекет басшысының «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

2022 жылғы «Алтын сапа» конкурсының және «Парыз» сыйлығының иегерлері:

- «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Павлодар облысының «Проммашкомплект» кәсіпорны;

- «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Алматы облысының «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны;

- «Парыз» сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы Гран-при – Ақмола облысының «Шуйское-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

- «Парыз» сыйлығының ірі бизнес иелері арасындағы Гран-при – Атырау облысының «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» кәсіпорны;

- Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалған «Үздік өңір» санаты бойынша арнайы сыйлық – Шымкент қаласының әкімдігі;

- «Үздік аудан» санаты бойынша арнайы сыйлық – Сәтпаев қаласының әкімдігі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға