Жаңалықтар

Алтын өндіру: ШҚО-да жергілікті тұрғындар мен компания арасында қақтығыс болды

Алтын өндіру: ШҚО-да жергілікті тұрғындар мен компания арасында қақтығыс болды
Фото: instagram.com/maraldy_life 20.07.2023 17:35 1035

Алтын өндіретін компания вахталық елді мекеннен қызметкерлерін көшіруге мәжбүр болған, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

19 шілде күні сағат 14:00-де Күршім ауданының Маралды ауылдық округіндегі жергілікті әкімдік ғимаратында алтын өндіруге қатысты жоспар тыңдалуы керек болатын.  

Дегенмен бұл іс-шараның орнына жергілікті тұрғындар мен компания арасында қақтығыс болды.

Компания мәліметінше, бұл топтың қолдарында тастар мен темір арматура болған. Салдарынан төрт адам соққыға жығылған. Өзге қызметкерлер зардап шекпеген, себебі жасырынып үлгеріпті. Жарақат алған қызметкерлер Өскеменге барып полицияға арыз жазған көрінеді.

Оқиға орнына ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов, Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов, ШҚО ПД басшысының орынбасары Медет Бердімұратов барған. Тұрғындармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын жергілікті тұрғындар алтын өндіретін зауыт құрылысына қарсы екендерін білдірген. Себебі кәсіпорында натрий цианид қолданылуы мүмкін деген әңгіме таралған. Тұрғындар зауыт жұмысы мал жайылымдары мен ауылға да қауіп төндіреді деп санайды.

Ал Күршім әкімдігі қазір жағдай бақылауға алынғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға