Жаңалықтар

Алтын контрабандасы: Қырғызстанда трансұлттық қылмыстық топтың басшысы ұсталды

Алтын контрабандасы: Қырғызстанда трансұлттық қылмыстық топтың басшысы ұсталды
Фото: El.kz 06.03.2023 17:51 818

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топты құруға және 4 млрд теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарының заңсыз экспортын жасауды ұйымдастырушы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Аталған тұлға ұзақ уақыт бойы тергеуден бой тасалап жүрген. «Red Notice» (қызыл хабарлама) халықаралық іздестіру жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша соңғы Қырғыз Республикасының аумағында ұсталды. Оны экстрадициялау ұлттық қауіпсіздік, полиция және прокуратура органдарының күштерімен жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, аталған істің көптеген қатысушылары әртүрлі жаза түрлеріне сотталған. Бүгінгі таңда тағы 2-қатысушыны іздестіру жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға