Жаңалықтар

«Алтын домбыра-2022» айтысының жүлдегерлері анықталды

Жыр додасы киелі Түркістан жерінде өтті
«Алтын домбыра-2022» айтысының жүлдегерлері анықталды
Фото: inform.kz 11.12.2022 02:09 4575

Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «Алтын домбыра-2022» ақындар айтысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ақындардың өнеріне көрнекті өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы баға берді. Қазылар құрамында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай, ҚР Президентінің әдебиет саласындағы стипендиясының иегері, ақын Светқали Нұржан, Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Қадыр Мырза Әли атындағы «Мәдениет және өнер» орталығының директоры, ақын Бауыржан Қалиолла, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Бекарыс Шойбеков болды.

Айтыстың қорытындысында әділ қазылар шешімімен Еркебұлан Қайназаров «Алтын домбыра» сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ, 3 млн теңгеге ие болды.

Рүстем Қайыртайұлы жүлделі І орынды, Біржан Байтуов пен Шұғайып Сезімхан ІІ орынды (1 млн), Талғат Мықи мен Хазрет Бердіхан және Мөлдір Айтбайқызы ІІІ орынды (750 мың) иеленді. «Алтын домбыраның» 500 мың теңгелік арнайы жүлдесі Нұрлан Есенқұловқа, Арғынбек Қалбаевқа, Қалижан Білдәшқа бұйырды. Өзге де айтысқа қатысушы ақындарға 300 мың теңгеден табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға