Жаңалықтар

Алты қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал
Алты қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі
Фото: pixabay.com 30.08.2022 12:15 1916

30 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, сейсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға