Жаңалықтар

Altai телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті

Altai телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті
Фото: Аяужан Әшімова 22.05.2023 15:05 958

1958 жылдан хабар тарата бастаған Altai телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атаулы датаға байланысты зияткерлік, рухани, қайырымдылық және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Мерейтойға Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Астана, Алматы, Семей шаһарларынан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Qazaqstan телерадиокорпорациясының өкілдері мен республикалық және аймақтық БАҚ-тың басшылары, белгілі тележурналистер және медиаменеджерлер арнайы келді.

 ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтің  және премьер-министр Әлихан Смайыловтың құттықтау хатын оқып берді.

Altai телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті
фото авторы: Аяужан Әшімова

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті телерадио арналарда ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы Айбек Теміров ақпарат   және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің құттықтау хатын табыстады.

Қазақстан телерадио корпорациясы акционерлік қоғамы басқарма төрайымының орынбасары Еркін Мұхамеджанов телерадиокорпорацияның үлкен ұжымы атынан және өз атынан «Altai» телеарнасын 65 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Altai телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті
фото авторы: Аяужан Әшімова

Altai телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті
фото авторы: Аяужан Әшімова

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен Altai телеарнасының Дәурен Айтқожанов, Александр Коновалов, Александр Сафонов, Қанатқан Қазанғапов, Мақсат Нығметов, Азамат Зайкенов, Станислав Астраханцев секілді қызметкерлері марапатталды.

Altai телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті
фото авторы: Аяужан Әшімова

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі Алтынсары Мағзұмова, Нұргүл Машинова, Фарғана Телебаева сынды телеарна ардагерлеріне берілді.

Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрайымының «Құрмет грамотасымен» Ерік Кенжалин, Мирас Құмарғалиев, Александр Каспиревич, Ғафура Құсайынова, Ләйлә Тастенова, Айжан Карипова, Семейхан Смағұлов, Ирина Санникова марапатталды.

ҚР Журналистер одағының алғыс хаты Қуаныш Мауылханов, Анна Олеговна Маципуло, Игорь Криницкий, Ақмарал Кешубаеваға  табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға