Алпыс жастағы ер адам 7 жасар ұлды зорлады деген күдікке ілінді

 ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында 60 жастағы ер адам 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Кішкентай баланың анасы құқық қорғау органдарына шағымданған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабының («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 4-бөлігі бойынша Қарасай аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері 1963 жылғы М. есімді күдікті азаматты анықтап, қолға түсірді, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта сараптамалық тексеру тағайындалды.

Оқи отырыңыз