Жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 100-ден астам жаңа автобус пайдалануға берілді

Алматының Жетісу ауданында 100-ден астам жаңа автобус пайдалануға берілді
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі 08.09.2023 00:00 450

Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 5 маршрутта (№38, 69, 47, 113, 125) 102 автобус жаңартылды. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін 21 маршрут жаңартылып, күшейтіледі, автобустар саны 332-ден 411-ге дейін көбейтіледі.

Сіздердің көптеген өтініштеріңіз бойынша биыл 3 бағдаршам құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, іске қосылды. Солтүстік айналым көшесіндегі 2 бағдаршамды қараша айында қосу жоспарланып отыр, - деді әкім.

5 жерүсті және 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстар осы қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға