Жаңалықтар

Алматының төрт шағын ауданында 395 км су құбыры және кәріз желілері салынады

Алматының төрт шағын ауданында 395 км су құбыры және кәріз желілері салынады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 29.02.2024 19:03 444

Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе болып табылады. Бүгінде аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қала басшысы еске салғандай, өткен жылдың қараша айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 61 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы сәтті аяқталды.

2024 жылдың маусым айында Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарында 395 км жаңа сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Ақжар мен Қарағайлы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.
Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандары үшін мемлекеттік сараптама биылғы жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде, деп атап өтті Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға