Жаңалықтар

Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді

Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді
Фото: koffkindom.ru 01.03.2023 12:10 1353
Әлеуметтік желіде Алматының ботаникалық бағында гүлдеген бәйшешектердің видеосы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Көктемнің алғашқы күнінде табиғат бізге тосын сый дайындады - ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді. Ақ бүршіктері бар нәзік гүлдің ашылғанын көріп, қыс аяталды деп сеніммен айта аламыз!", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қар бүршіктерін жаңа өмірге деген үміт пен суықты жеңудің символы деп бекер атамағаны айтылады.

Еске сала кетейік, бұл ерекше гүлдер Қызыл кітапқа енгізілген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Главный Ботанический Сад (@botsadkz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға