Жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында ЖКО болды

Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады
Алматының Алатау ауданында ЖКО болды
Фото: polisia.kz 19.03.2023 17:55 768

Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған.

Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болғандығы анықталды. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға