Жаңалықтар

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді
Фото: © Phys 07.01.2024 10:12 2992

Сейсмикалық стансалар желісі 7 қаңтар күні таңғы 09:10 кезінде Алматыда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді, — делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3.

MPV магнитудасы — 4.6.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға