Жаңалықтар

Алматылықтар кітапханаларда шет тілдерін тегін үйренеді

Алматылықтар кітапханаларда шет тілдерін тегін үйренеді
Фото: gov.kz 27.11.2023 14:30 548

Алматы кітапханаларында түрік, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерін үйренуге болады. Сабақты университет оқытушылары, елшілік өкілдері және еріктілер жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқыту тегін, балаларға да, ересектерге де қолжетімді.

4000-ға жуық адам шет тілі курстарынан өтті, бұл негізінен 5 пен 17 жас аралығындағы балалар. Осылайша, біз Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырып жатырмыз, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға тырысамыз. Жалпы, кітапханаларда цифрландыру, кітап қорын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл мәселелер қала әкімінің ерекше бақылауында, — деді Алматы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Мұнда қазақ тілін үйренуге және жетілдіргісі келгендер үшін жағдай жасалған: көркем жазуға, дұрыс сөйлеуге, шешендік өнерге үйретеді. Сабақ кестесін @library.аlmaty инстаграм парақшасынан білуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға