Жаңалықтар

Алматылық жастар өз таңдауын жасап, белсенді дауыс беріп жатыр

Алматылық жастар өз таңдауын жасап, белсенді дауыс беріп жатыр
Фото: Дәурен Мақсұтханұлы 19.03.2023 16:00 942

Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері белсенді түрде өз таңдауларын жасауда, деп хабарлайды, Еl.kz ақпарат агенттігі.

Алматы - еліміздегі жастардың басым көпшілігі шоғырланған ірі қала. Мұндағы студент жастар таң бозынан өз тұрғылықты жерлері бойынша сайлау учаскелеріне топталып келіп дауыс беруде. Бұл үрдіс түске қарай тіпті үдей түсті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында үш сайлау учаскесі орналасқан. Ұлттық университет студенттері өздеріне тиесілі сайлау учаскесінде елдің болашағы үшін өз дауыстарын таңдаулы деген кандидаттарына беруде. Мұнда тіпті адамдардың кептелісі орын алғанына куә болдық.

Алматылық жастар өз таңдауын жасап, белсенді дауыс беріп жатыр

Бұл жөнінде Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №259 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнар Айгаринова:

«Бұл қазақша әріптердің алфавиттік тізімде дұрыс орналастырылмауынан. Яғни қазақ тіліндегі «ә», «қ», «і» сынды әріптер бар ғой, солар 2500 адамның, нақты айтсам 2277 адамның ортасына тарыдай шашылған да, келген адамдарды тізімнен табуда кішкене қиындықтар орын алуда. Бұл техникалық қате. Сондықтан бұл шешілетін мәселе. Жалпы жастардың бұл жолғы сайлаудағы белсенділігі жоғары екендігін айта кетейін», - деп, бес қатар тұрған азаматтардың кезегін нұсқады.

Қаладағы сайлау учаскелерін отандық және шетелдік бақылаушылар да аралап, бақылау жүргізуде.

Алматылық жастар өз таңдауын жасап, белсенді дауыс беріп жатыр

Америка атынан бақылаушы, «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушылары Миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вейтц өзінің Алматыдағы сайлауды бақылау барысында алған алғашқы әсерімен бөлісті.

Ол таңертеңнен бері Алматы қаласындағы 12 сайлау учаскесінде болып үлгеріпті, әлі онына баруға ниетті екенін жеткізді.

«Біздің бүгінгі сайлаудағы басты мақсатымыз – дауыс беру кезінде болу, сонымен қатар маңызды тағы бір мақсат – Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай контекстінде сайлауды бақылау және бағалау үшін кеңірек контекстті қамтамасыз ету. Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде. Бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады деді. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көреді», - деді Ричард Уильям Вейтц.

Алматылық жастар өз таңдауын жасап, белсенді дауыс беріп жатыр

Сондай-ақ, ол бұл сайлаудағы халықтың ынта-жігері қызықтырғанын айтты, өйткені тәуелсіз кандидаттар, олардың дайындаған плакаттары мен үгіт-насихат жұмыстары көп.

Алматылық жастар өз таңдауын жасап, белсенді дауыс беріп жатыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға