Жаңалықтар

Алматылық таксист Германиядан келген қонақты 178 мың теңгеге апарды

Алматылық таксист Германиядан келген қонақты 178 мың теңгеге апарды
Фото: © Pixabay.com 03.05.2023 16:49 590

Алматыдағы Халықаралық әуежайдың таксистеріне қатысты тағы бір туындады. Бұл жолы Германиядан келген шетелдік қонақтан жүргізушілердің бірі қызметі үшін 400 доллар талап еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Рахат Медербекова есімді желі қолданшуысы әуежайдан қаладағы хостелдердің біріне жеткізген жүргізушісі жас жігіттің 400 еуро алғанын айтып, дабыл қақты. 

Германиядан қонақ келген. Әуежайдағы таксисит 400 доллар төлеуді талап етіпті. Жігіт жас болған соң қалтасындағы бар ақшасын төлеп кеткен. Осы мәселе бей-жай қалмайтынына үміттенемін. Оның ақшасын кері қайтаруға көмектесіңіздерші, - деп жазды ол. 

Бұған дейін көлік полицейлері шетелдік азаматты Алматы әуежайынан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісін анықтаған болатын. 18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуекомпаниясының Франкфурт – Алматы бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданған. Ол өзін әуежайдан қонақүйге қасақана жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға