Жаңалықтар

Алматылық студент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қытайша сөйлесті

Алматылық студент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қытайша сөйлесті
Фото: Видеодан алынған кадр 11.09.2023 14:33 976

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қытайша сөйлесті,

Бұл диалогтың видеосын журналист Әділ Балтабаев жариялаған.

Мемлекет басшысы өткен аптада SDU-дің жұмысымен танысқан болатын. Сол жерде оқытушылармен және студенттермен кездесіп, олардың жағдайын сұрады.

Кездесу барысында Ұлмекен есімді үшінші курс студенті қытай тілін екі жылдан бері үйреніп жүрсе де, әлі күнге дейін қиналатынын, ал президент қытай тілін қанша уақытта үйренгенін сұрады.

Қытай тілін 5 жыл үйрендім. Алдымен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында, сонан соң өзім 4 жыл жұмыс істеген Сингапурде үйрендім. Содан кейін Мәскеуге оралып, 3 жыл сонда жұмыс істедім. Кейіннен Бейжіңге аттанып, қытай тілін Бейжің лингвистикалық институтында тағы бір жыл жетілдірдім, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға