Наурыз айының 27-29 аралығында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті. Нәтежиесінде алты үздік команда анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, олимпиадаға еліміздің әр өңіріндегі білім беру ұйымдарынан 23 үздік команда қатысты. Олар математикалық анализ негіздері, алгебра, геометрия және логикалық, комбинаторлық тапсырмалар орындап, сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласының командасы жеңіп алды. Шығыс Қазақстан облысы мен Жетісу облысының математиктері екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Алматы, Ақтөбе облысы және Назарбаев зияткерлік мектептер желісінің педагогтері алды.
Алматылық педагогтер «Математикалық регата» олимпиадасында жеңімпаз атанды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды