Алматылық өрт сөндірушілер 9 азаматты құтқарды

 ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ

Алматы қаласының Түрксіб ауданында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шақырту орнына келгеннен кейін өрт сөндірушілердің қабылданған шараларымен баспалдақ маршымен 5 азамат эвакуацияланды.

Үш тізелі баспалдақтың көмегімен 2-ші қабаттан 3 азамат құтқарылды. МӨСБ-4 бөлімшесінің командирі Фархат Ушуров жанып жатқан пәтерден 1-ші топтың мүгедек азаматын құтқарды, - делінген ақпаратта.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Оқи отырыңыз