Жаңалықтар

Алматылық әріптестері Қарағанды зообағына жолбарыс сыйлады

Ерекше сыйлық қарағандылық хайуанаттар бағының 85 жылдығына тарту ретінде берілген
Алматылық әріптестері Қарағанды зообағына жолбарыс сыйлады
Фото: aif.ru 16.12.2022 02:08 2064

Қарағандыдағы зообаққа Алматы хайуанаттар бағы Лад есімді амур жолбарысын сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz зообақтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Үш жастағы Лад – асыл тұқымды амур жолбарысы, табиғатта бұл түр сирек кездеседі. Қыстың қақаған суығында қоныс аударған Ладқа ветеринарлар қамқорлық танытып, ол жататын жерді жылытып қойғаны белгілі болды.

Зообақ қызметкерлері болса, Ладтың тәбеті жақсы екендігін айтты. Олар үш айдың ішінде жолбарыс жаңа «үйіне» үйренеді деп сеніп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға