Жаңалықтар

Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Фото: parboaboa.com 17.03.2023 16:10 685

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 174 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.5. Эпиорталық координаттары – 41.80° с.е. 77.86° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда бір жылда шамамен 12 мың жер сілкінісі тіркеледі.

Қазақстанның ең қауіпті апат аймағы – Алматы қаласы. 1887 жылы Алматыда 7,3 балдық зілзаладан 332 адам көз жұмған екен. 1910 жылы магнитудасы 8,2 балды құраған жер сілкінісінен 44 адам қаза тауып, 800-дей үй қираған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға