Жаңалықтар

Алматыға деген махаббатпен: «Дос-Мұқасанның» жаңа бейнебаяны жарық көрді

Алматыға деген махаббатпен: «Дос-Мұқасанның» жаңа бейнебаяны жарық көрді
Фото: Видеодан кадр 01.05.2023 19:12 535

Қазақстандағы ең танымал әрі табысты ансамбль саналатын «Дос-Мұқасан» ұжымы бүгін жаңа бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұсаукесері мереке күні өткен әннің атауы – «Алматым».

Қазақстан халқының бірлігі күні жарық көрген бейнебаянда еліміздегі татулық пен бірлік көрініс тапқан. Ал сюжетте басты рөлді М.Лермонтов атындағы театр актері Виктор Королев сомдайды. Сюжет желісінде оның 1993 жылы Германияға қоныс аударып, араға 13 жыл салып туған жеріне оралғаны көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға