Жаңалықтар

Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейстер ашылады

15.05.2025 06:40 629
Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейстер ашылады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жаңа халықаралық бағыттың іске қосылғанын хабарлайды. 2025 жылғы 3 шілдеден бастап әуекомпания Алматыдан халықаралық «Ыстықкөл» әуежайына рейстер орындауын бастайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері – 31 тамызға дейін орындалады. Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутты құрайды. Кері бағытта ұшу ұзақтығы – бір сағат.

Бейсенбі күндері:

• Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00
• Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00

Жексенбі күндері:

• Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10
• Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10

Билеттердің бағасы бір бағытқа «Комфорт» тарифтік топтамасы бойынша 24 000 теңгеден басталады. Топтама бойынша орын таңдау мүмкіндігі, 20 кг-ға дейінгі жолжүк және 5 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см аспайтын) қолжүгі кіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға