Жаңалықтар

Алматыдан Ташкентке бағыт алған ұшақ әуежайға шұғыл түрде қайта қонды

Алматыдан Ташкентке бағыт алған ұшақ әуежайға шұғыл түрде қайта қонды
Фото: Әлеуметтік желі 18.09.2023 09:34 774

Алматыдан Ташкентке ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға шұғыл түрде қайта қонды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қыркүйекте А320 ұшағында Алматы – Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсі кезінде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты әуежайға қайта оралды.

Air Astana қонудың штатты режимде болғанын түсіндірді. Жолаушылар тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілген.

Рейс енді резервтік ұшақпен ұшпақшы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға