Жаңалықтар

Алматыдан 291 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 291 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 27.05.2024 09:19 291

Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайда болған кезекті жерасты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісін ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1, - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға