Жаңалықтар

Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды

Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды
Фото: © Polisia.kz 14.09.2023 12:40 456

Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті №72 мекемесі жедел бөлімінің ақпараты бойынша Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Кеңсай зиратының маңынан ИЖ және ТОЗ екі тегіс ұңғылы мылтық, Урал бір мылтық және патрондар табылды.

Сондай-ақ аталған мекеме жедел қызметкерлерінің ақпараты бойынша Түрксіб ауданына қарасты аймақтан да тегіс ұңғылы бір мылтық пен патрондар табылды. Аталған фактілер бойынша Медеу және Түрксіб аудандық полиция басқармаларынан жедел-тергеу тобы шақырылып, тіркелген факт бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға