Жаңалықтар

Алматыдағы жоғары оқу орны American Councils жобаларына қатысады

Алматыдағы жоғары оқу орны American Councils жобаларына қатысады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 21.01.2024 00:08 599

Бұл туралы Сәтбаев Университетінде Wisconsin-Madison университетінің делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдері, Алматыдағы АҚШ консулдығының және Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестің өкілдерімен өткен кездесу кезінде белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында екі жақ тараптар екі университет арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты білім және ғылым саласында компьютерлік ғылымдар, экология және тіл салалары бойынша талқылады.

Ынтымақтастық қарым-қатынасымыз студенттер үшін, әріптестер мен екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін, - деді кездесуде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Елшіліктің мәдениет жөніндегі қызметкері Колин Гард пен Консулдықтың қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкерінің көмекшісі Чад Киннирден басқа, кездесуге университеттердің American Councils for International Education серіктестік бағдарламасының үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев қатысып, Сәтбаев Университетінің American Councils жобаларына қатысатыны туралы айтып берді.

Университеттер кездесуі – таңдаулы қазақстандық және американдық университеттер арасында тығыз ынтымақтастық байланысты ұйымдастыруға бағытталған American Councils for International Education ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама аясында American Councils қазақстандық университеттерге жоғары білім менеджменті саласында білім береді және екі елдің университеттері арасындағы серіктестікке қолдау көрсетеді.

Wisconsin-Madison университеті – АҚШ-тың Мэдисон қаласында орналасқан мемлекеттік зерттеу университеті. Университеттердің халықаралық QS рейтингінде ол 102-ші, ал Times Higher Education рейтінгінде 63-орында тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға