Жаңалықтар

Алматыдағы жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің денесін тістеп тастаған

Алматыдағы жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің денесін тістеп тастаған
Фото: Әлеуметтік желі 18.08.2023 13:31 698

Алматыдағы «Жәния» жекеменшік балабақшасында бейнебақылау камерасының материалдарын зерделеу кезінде кәмелетке толмаған сәбиді қатты тістеп алған факті расталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының Полиция басқармасы жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Осы жылдың 16 тамызында Қарасай аудандық полиция басқармасында Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабы бойынша аудандық полицияда дереу тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеруді жүзеге асырды. Сонымен қатар тәрбиешіге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты ҚР ӘҚБтК 409-бабы 3-бөлігі бойынша облыстың білім басқармасына ұсыныс дайындалды. Полиция өкілдері өзге ақпарат жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша қосымша ұсынылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға