Жаңалықтар

Алматыдағы қонақүйлердің бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылды

Алматыдағы қонақүйлердің бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылды
Фото: Pixabay.com 26.04.2023 10:15 870

Алматы облысындағы Қарасау ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство хабарлауынша, қайғылы жағдай 20 сәуір күні сағат 14.25-те болған.

Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтіру" бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам  ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды, - дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Қылмыстық іс бойынша тергеуді департамент басшылығы бақылауына алған. 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға