Жаңалықтар

Алматыдағы өрттің шығу себептерін Үкіметтік комиссия тексереді

Алматыдағы өрттің шығу себептерін Үкіметтік комиссия тексереді
Фото: primeminister.kz 30.11.2023 10:43 558

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.

Айта кетейік, өртті сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған  13 адамның 10-ының жеке басы анықталды. Олардың сегізі – Қазақстан азаматтары, біреуі – Ресей, тағы біреуі Өзбекстан азаматы екен. Хостелдің өртке дейінгі суреттері тарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға