Жаңалықтар

Алматыдағы өрт шыққан хостел заңсыз жұмыс істеген

Алматыдағы өрт шыққан хостел заңсыз жұмыс істеген
Фото: gov.kz 30.11.2023 18:25 822

Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурзбеков мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда өрт салдарынан 13 адам қаза тапқан хостелде адамдардың тұруына рұқсат берілмеген. Бұл нысанның мақсаты-дүкен. Сонымен қатар, құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес жертөлелерде және астыңғы қабаттарда хостел ашуға тыйым салынады, - деді ол.

Оның айтуынша, Алматыдағы барлық хостелдер қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында азаматтарды уақытша тұру объектісіне тіркеуге және қайта жабдықтауға міндетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға