Жаңалықтар

Алматыдағы өрт: Бас прокуратура хостел басшылары жауапкершілікке тартылатынын айтты

Алматыдағы өрт: Бас прокуратура хостел басшылары жауапкершілікке тартылатынын айтты
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 30.11.2023 14:40 1488

Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматыдағы хостелде болған өртке қатысты пікір білдірді деп, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл еліміз үшін өте ауыр жағдай. Осы жағдайдан қайтыс болған адамдардың жақындарына көңіл айтамын. Өздеріңіз білесіздер, түнгі сағат 5:45-те өрт туралы хабарлама келіп түсті. Бір сағат көлемінде өрт сөндірушілер өртті тоқтатып үлгерді. Десе де 13 азамат қайтыс болды. Бұл оқиға бойынша қазір ішкі істер органдарымен қылмыстық іс қозғалды, – деді ол.

Сондай-ақ сапалы жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету мақсатында бас прокурор тиісті үкім шығарғанын айтты.

Бас прокурордың тапсырмасымен қазір Бас прокуратураның қызметкерлері мен Алматы қаласының прокуратурасының қызметкерлерімен бірге күш-жігерімізді салып, қысқа уақытта және кінәлердің жауапкершілігін қарау мәселесін қарастырамыз, - деді бас прокурордың орынбасары.

«Жертөледе хостелді ашу қашан мақұлданды?» деген тілшінің сауалына қатысты бас прокурордың орынбасары:

Бұл ғимараттың бірінші қабаты мен астыңғы қабатында азаматтардың тұрғаны жөнінде ақпарат таралып жатыр. Әрине, бұл заң аясына сәйкес келмейді. Себебі тұрғын емес ғимараттарды ауыстыру керек. Бірақ әкімшілік тарапынан бұл ауыстырылмаған. Сондықтан да мұның астындағы ғимаратта адамдардың тұруы заңға қайшы келеді, - деді ол.

Сонымен қатар хостел басшылары жазаланатынын да айта кетті.

Тергеу барысында мұның бәрі зерделенеді. Қазіргі ақпарат бойынша өрт болған хостел ғимараты Halyk Bank-ке тиесілі екені айтылып жатыр және оны жалға алған «Алға хостел» деген ЖШС. Әрине, бұл хостелді талаптарын сақтамай отырып қолданған ЖШС басшыларын жауапкершілікке тартуымыз керек. Салдары тікелей осы ғимараттың басшыларына немесе оны жалға берген компаниялардың басшыларына қатысты болса, ешкім заңнан құтыла алмайды. Қазір мынау кінәлі деп айту ерте, – деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға