Жаңалықтар

Алматыдағы матчта футбол жанкүйерлері төбелес шығарды

Алматыдағы матчта футбол жанкүйерлері төбелес шығарды
Фото: polisia.kz 15.03.2023 14:22 943

Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" пен "Каспий" футбол клубтары арасындағы матч кезінде жанкүйерлер арасында төбелес болған. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаменті орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескендігін хабарлайды, - деді ІІМ жаңалықтары Телеграм каналында.

Сонымен қатар ведомство қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілгенін хабарлады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ruh Ultras Фанаты Футбольного Клуба КАСПИЙ (@ruh_ultras)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға