Жаңалықтар

Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар қайта оралды

Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар қайта оралды
Фото: Видеодан кадр 30.03.2024 18:45 351

Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар оралды. Бұл қуанышты жаңалық ботаникалық бақтың желі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Парақшада су бетінде қалқып жүзген аққулардың видеосы жүктелген. 

Жазбада ботаникалық бақ ұжымы келушілерден аққулар мен балықтарға қамқорлық жасауларын сұраған. Алайда оларды тамақтандыруға тыйым салынатынын атап өткен.

Ботаникалық бақтағы балықтар мен аққуларды күтіп-бағуға және азықтандыруға осы мақсатқа арнайы алынған кәсіпқойлар компаниясы жауапты. Күнделікті қажеттілікпен қатаң рацион есептелді. Оларға қажетті заттардың барлығын мамандар дер кезінде және қажетті мөлшерде береді. Бақыланбайтын мөлшердегі зиянды тағам аққулар мен балықтардың денсаулығына байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін,-делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Главный Ботанический Сад (@botsadkz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға