Жаңалықтар

Алматыдағы «Алтын орда» базарында заң бұзушылықтар тыйылмай тұр

Алматыдағы  «Алтын орда» базарында заң бұзушылықтар тыйылмай тұр
Фото: © El.kz 23.08.2023 11:19 608

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті маусым айында «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-де хронометраждық зерттеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 млн теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырды. Қосымша есептелген қосылған құн салығы - 63,6 млн. тг., корпоративті табыс салығы - 106,0 млн.тг. Өсімпұлды есептемегенде хронометраждық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке барлығы 169,6 млн. теңге түсті.

Тексеру барысында «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді.

Бүгінгі таңда «Алтын Орда» сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді.

Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Алтын орда» базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушініәкімшілік жауапкершілікке тартты:

- 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін;

- тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды «Алтын орда» базарының аумағында өткізген 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға