Жаңалықтар

Алматыдағы Әлем кубогы: Павел Колмаков ­­– күміс жүлдегер

Алматыдағы Әлем кубогы: Павел Колмаков ­­– күміс жүлдегер
Фото: ҚР ҰОК 09.03.2024 15:15 535

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Павел Колмаков Алматыдағы әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда Колмаков финляндиялық Сивери Виерелладан басым түсті. Ал ақтық сында танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсберимен кездескен болатын.

Үлкен финалда Колмаков Кингсбериге есе жіберіп, өз жерімізде өткен әлемдік доданың күміс жүлдесіне иелік етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға