Жаңалықтар

Алматыда университеттің бірі 117 миллион теңгеге кітап сатып алмақ болған

Биыл мегаполистегі жоғары оқу орындарының бірінде 117 миллион теңгеге бір дана кітап сатып алу жоспарланған. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу жүйесіне жүргізілген мониторинг барысында кітап сатып алу барысындағы қымбатшылық фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда университеттің бірі 117 миллион теңгеге кітап сатып алмақ болған
14.06.2022 15:15 1953

«Мониторинг барысында сипаттамаларда тауардың атауы, сондай-ақ жоғарыда аталған кітаптың авторы көрсетілмегені анықталды», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Тендер өткізілмейтін болды. Мекемеде атап өтілгендей, мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру кезінде техникалық қателік жіберіліп, онда жоспарланған жұмыс бойынша бір кітап емес, бір лот көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға