Жаңалықтар

Алматыда ер адамды пойыз қағып кетті

Фото: Egemen.kz
Алматыда ер адамды пойыз қағып кетті
09.06.2022 12:21 1382

Алматыда жолаушылар пойызы темір жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өткен ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрлі дене жарақаттарын алған ер адам ауруханада көз жұмды.

«8 маусым күні сағат 22:10-да көлік полициясының кезекші бөліміне белгіленбеген жерде темір жолдарды кесіп өткен ер адамды жолаушылар пойызы қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Алған жарақаттарынан зардап шеккен адам ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға Алматы-1 және Алматы-2 станциялары арасындағы учаскеде орын алды», - делінген хабарлмада.

Ведомство өкілдері нақтылағандай, бұл факт ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелген (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу).



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға