Жаңалықтар

Алматыда жылу беру маусымы қашан аяқталады

Алматыда жылу беру маусымы қашан аяқталады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.04.2024 10:03 462

15 сәуірден бастап Алматыда жылу беру маусымы кезең-кезеңімен тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдениет нысандары, сонан соң тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер) мен әлеуметтік мекемелерде (балалар, емдеу орталықтары, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер) жылу беру маусымы тоқтатылады.

Алматыда орталық жылу беру жүйесіне  мектеп, 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана мен 8 836 көпқабатты тұрғын үй қосылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға