Жаңалықтар

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін ұрып тастады

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін ұрып тастады
Фото: Видеодан алынған кадр 11.04.2024 18:42 2889

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 11 сәуір таңғы 08:00 шамасында № 98-бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов 38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын салғанын айтты.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

Күдікті өзін қорғау үшін жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға