Жаңалықтар

Алматыда жол апатынан бір адам бақилық болды

Алматыда жол апатынан бір адам бақилық болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.03.2024 07:37 434

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында тіркелген. 

Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта, Ұлықбек көшесінің қиылысында келе жатып, рульге ие бола алмай, соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалғаны белгілі болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға