Жаңалықтар

Алматыда жеті жастағы баланы көлік қағып кетті

Алматыда жеті жастағы баланы көлік қағып кетті

Алматы қаласының «Шұғыла» ықшам ауданында ауыр жол апаты орын алды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада кішкентай баланың көлік астында қалып қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс жағдай 8 мамыр күні түскі сағат 13:30 шамасында болған. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Changan маркалы автокөлік жүргізушісі аула ішіндегі жолмен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, шығыс бағытта жүгіріп өтпек болған баланы байқамай қағып кеткен.

Жеті жасар бала түрлі дене жарақатын алып, дереу қала ауруханаларының біріне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайына бақылау жасап жатыр, - деп жазылған Алматы қалалық ПД мәліметінде. 

Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасы оқиғаның нақты мән-жайын анықтап, сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға