Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үйді су басып қалды

Алматыда жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үйді су басып қалды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 04.03.2024 17:20 2813

Алматыда болған жер сілкінісінен Сәтбаев көшесіндегі үйдің бірнеше қабатын ыстық су басқан, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Төрт қабатты үйдің тұрғыны үйіне келгенде айналаның бәрін су басқанын, тіпті төбеден аққан. Шүмектер сынып, су атқылаған. Мамандар келгенше пәтерлерді ыстық су басып қалған. Тұрғындар бұл оқиғаға жер сілкінісінің әсері болуы әбден мүмкін деп отыр.

Әкімдіктегілер Сәтбаев көшесі, 18Б мекенжайында үйішілік желілердің тозуына байланысты шатырдағы жылу тасымалдағыштың шұрасы бұзылғанын хабарлады.

«АлТС» ЖШС қызметкерлері апат жойылғанға дейін жылу беруді ажыратты. Зақымданған жерлер қалыпқа келіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті әкімдікте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға