Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмаған? ТЖД басшысы жауап берді

Алматыда жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмаған? ТЖД басшысы жауап берді
Фото: © iStock 23.01.2024 10:40 1965

Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қалада жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әдетте ауа райының қолайсыздығы кезінде смс-хабарламалар міндетті түрде жіберіледі, ал жер сілкінісі кезінде ешбір хабарлама келмеген, тіпті тұрғындар қайда бару керектігін, үйлеріне қашан кіруге болатынын түсіне алмай дал болған.

ТЖД басшысы бұған байланыс операторларын кінәлап отыр.

Жедел хабарламаны жіберу кезінде хабарламалар қала тұрғындарына кеш жететінінін тәжірибе көрсетті, себебі халықтың тығыздығынан операторлар ақпаратты өңдеп үлгермейді. Тиісінше мұндай ақпарат кеш жетеді. Сондықтан біз мұндай тәжірибеден бас тартып келеміз. БАҚ-та жер сілкінісі туралы мәлімет 00:11-де пайда болды. Әлеуметтік желіде зілзала туралы хабарланғанда, біз қосымша ақпарат беріп, тұрғындарды асып-саспауға шақырып жатыр едік.

Дабылға келсек, қалада 843 электродабыл бар, бұл 100 пайыз қамтамасыз етуге жетеді. Дабылдар жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 балдан асқан кезде ғана іске қосылады. Ал бізде 4-5 балға дейін болды. Сол үшін дабылдарды қосудың қажеті болған жоқ. Біз дүрбелең туғызғымыз келген жоқ, - деді ТЖД басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға