Жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері соққыға жығылды

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері соққыға жығылды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 15.11.2023 09:59 520

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Оларға алғашында көмек сұрап жүгінген ер адам шабуыл жасаған.

Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген.

Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген. Қазіргі уақытта Алатау ауданы ПБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты процессуалдық шешім қабылдау сатысында, - делінген Алматы денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Басқарма мәліметінше, бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға