Жаңалықтар

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.11.2023 16:55 765

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде оңтүстік астанадағы Жароков пен Сәтбаев көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, бір адамды қағып кеткені түсірілген видео пайда болды.

Алматы полициясы жол апатының 29 қарашада сағат 08:30-да Алматының Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

Hyundai Creta және Mercedes көліктері Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Жароков көшесіне қарай, солға бұрылатын сәтте Hyundai Mercedes-ті артынан соғады. Ал Mercedes инерциямен жаяу жүргіншіні – 1954 жылы туған әйелді қаққан. Ол ауруханалардың біріне жеткізілген - деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған оқиға бойынша Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kris P Almaty (@kris__p__almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға