Жаңалықтар

Алматыда жас жігіт жол жөндеу жұмысшысын қылқындырды

Алматыда жас жігіт жол жөндеу жұмысшысын қылқындырды
Фото: Видеодан кадр 01.07.2023 12:08 867

Әлеуметтік желіде жас жігіт жол жөндеу жұмысшысын қылқындырып жатқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алматы қаласындағы Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған.

Ал видео Instagram желісінде dorogi_almaty_official парақшасында жарияланды.

Куәгерлер қара жейде киген жас жігіт ер адамды жерге жығып, қылқындырып жатқанын түсіріп алған. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар арашалап алып қалды.

Не деген бассыздық. Адамдар үлкендер мен өзгелердің жұмысын құрметтеуді ұмытты, - делінген видеоның жазбасында.

Оқи отырыңыз:

Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады. Қазір Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері видеодағы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @dorogi_almaty_official +21🇰🇿 (@dorogi_almaty_official)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға