Жаңалықтар

Алматыда жартылай жалаңаштанған жігіттер билеп жарысты

Алматыда жартылай жалаңаштанған жігіттер билеп жарысты
Фото: Видеодан алынған кадр 05.02.2024 14:13 683

Алматыда биші жігіттердің байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жартылай жалаңаштанған жігіттердің майысып билеген видеосы тарады. Биік өкше киген жігіттер хай-хилс биін жарыса билеп жатса, жиналғандар қиқулап қолдап көрсетіп жатыр. Бірақ бұл қандай іс-шара екені, ненің құрметіне өткені белгісіз.

Пікір қалдырғандар арасында бұл гейлердің байқауы екені, мұндайға заңды түрде тыйым салу керектігін жазып жатқандар көп.

«Осы да әдемі ме?», «Шайтандар күні болған екен», «Жүрек айниды», «Мұндайға заңды түрде тыйым салу керек», «Еуропалық құндылық деген осы ма?», «ЛГБТ ұйымдарына тыйым салынсын! Аяушылық танытудың қажеті жоқ», «Жиналғандар неге сонша мәз?» - деп жазған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға