Жаңалықтар

Алматыда жаппай веложарыс өтеді

Оңтүстік астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, велошеруге 16 жастан асқан мыңға жуық адам қатысады.
Алматыда жаппай веложарыс өтеді
Фото: stringfixer.com 02.10.2022 03:19 891
2 қазанда Алматыда тұрақты дамуды ілгерілетуге арналған Orange BeNeLux Bicycle Tour қалалық велошеруі өтеді, деп хабарлайды El.kz.

Оңтүстік астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, велошеруге 16 жастан асқан мыңға жуық адам қатысады.

Жалпы қашықтығы – 15 шақырым. Велошеру сағат 9:00-де Розыбакиев көшесіндегі MEGA Center Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы аумағында басталады. Одан әрі бағыт әл-Фараби даңғылының бойымен жалғасады.

Осыған байланысты Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Малахов көшесіне дейін сағат 6.00-ден 10.00-ге дейін, әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) - Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс бағытта сағат 9.00-ден 9.30-ға дейін (велошеру жүріп өткен сайын қозғалыс ашылып отырады), әл-Фараби даңғылы Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін батыс бағытта - 9.05-тен 10.00-ге дейін жабылады, - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Велошерудңің бастамашысы – Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі. Велошерудің ұйымдастырушылары – Қазақстан велоспорт федерациясы мен Қазақстан триатлон федерациясы. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға