Жаңалықтар

Алматыда заңсыз дүңгіршектер сүріледі

Алматыда заңсыз дүңгіршектер сүріледі
Фото: stan.kz 10.02.2023 20:22 832

Алматыда сауда нүктелері сүріле бастайды. Қалада 500-ден астам заңсыз орнатылған павильон, дүңгіршек, киоск бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаевтың айтуынша, меншік иелеріне өз еркімен сүру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру сызбаларын әзірлеуде. Енді стационарлық емес сауда нысандарын қатаң түрде осы сызбаға сәйкес орнатуға рұқсат беріледі», - деді Берік Солтанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға